«Армияда мен де таяқ жегем»: Бапи сарбаздардың қазасы мен соққыға жығылуы туралы

Аиса Махамбет Редактор
22.01.2025, 18:51
1267
«Армияда мен де таяқ жегем»: Бапи сарбаздардың қазасы мен соққыға жығылуы туралы parlam.kz

Жалғыз баласын өбектеген отбасы баласын әскерге жіберуі парыз дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи қазақстандық сарбаздардың әскерде соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Ulysmedia.kz тілшісіне айтып берген.

Депутат сарбаздардың өліміне тек армия кінәлі емес екенін айтты. Ол бұл жерде қоғамның да кінәсі барын айтады. 

«Бізде қазір әр отбасында екі-үш баладан артық жоқ. Жалғыз баласын өбектеген отбасы әскерге баланы жіберуі, Отан қорғауы – заң бойынша парызы. Ол парызды өтеудің орнына алып қалудың амалдарын жасайды. Әлемде қауіп-қатерлер болып жатыр. Алақанда өбектеліп өскен бала әскерге қаншалықты дайын? Оқу оқып жүргенде бастапқы әскери дайындық сабағында автоматтың құрылымын қаншалықты білді? Оның әскерде қызмет етуге деген ерік-жігері бар ма? Бұл жерде сұрақтар өте көп»,- дейді депутат. 

Бапи Қорғаныс министрлігі ешқашан сарбаздардың өзін-өзі атуына, қылмыс жасауына мүдделі емес дейді.

«Шекара қызметі, Ұлттық ұлан да сарбаз бен басшылықтың арасында қалыптасып жатқан жағдайлар, конфликттер болуы мүмкін. Оның бәрін бір күнде шешіп тастамаймыз ғой. Дабыраның бәрі қайдан туады? Мен әскерде болған кезде бізде хаттан басқа ештеңе жоқ болатын. Мен Камчаткадан Зайсанға хат жазам, бір айда жетеді, бір айдан кейін келеді. Қазір екінің бірінің қолында телефон бар. Ол арқылы ақпарат жетеді. Оны қолдай кететін, дүркірейтін қоғам бар. Соның салдарынан осындай дабыра, даңғаза туады. Әйтпесе біз де талай таяқ жедік әскерде болғанда. Таяқ жедім. Бірақ әскери жарғыда «барлық ауыртпалықты берік көтеру» деген бар. Ант қабылдаған кезде жазылған. «Мен ауыртпалықтардың бәрін көтерем» делінген. Бұл сөзді біз санамыздан өткізіп айта алмаймыз. Отан қорғау алдындағы міндетіміздің бір бөлшегі ретінде түсініп айтсақ, болып жатқан оқиғаларға басқаша көзбен қарайтын ба едік», - дейді депутат. 

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды